Германиядағы BMW зауыты өртке оранды

oday.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2018 19:05 oday.kz
Алдын ала болжам бойынша, өрт құю машинасының қызып кетуінен болған болуы мүмкін.

Ландсхуттағы BMW зауытында өрт болды, деп хабарлайды Today.kz.

Passauer Neue Presse-тің мәліметінше, өрт салдарынан шыққан түтін қаланы алып кеткендіктен тұрғындардан терезелерін ашпауын сұраған. Сондай-ақ, Верт-ан-дер-Исар - Ландсхут бағыты бойынша қатынайтын теміржол пойыздарының жүруі де тоқтатылған.

Алдын ала болжам бойынша, өрт құю машиналарының қызып кетуінен болған. Осы құрылғымен жұмыс істейтін қызметкерлерді ес-түссіз жатқан жерінен тауып алған. Оқиғадан бір қызметкер мен өрт сөндіруші зардап шекті. Оларды бірден ауруханаға жеткізген.

Әлі өрт әкелген шығын есептелмеді. Қазір тілсіз жау ауыздықталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: