Оралда бес қабатты жатақхана өртке оранды

Фото: Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2017 15:01 Фото: Sputniknews.kz
Өрт төртінші қабаттағы бөлмеден шыққан.
Оралда бес қабатты жатақхана өртеніп, 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой ГОРОД"-қа сілтеме жасап.

Жатақхана тұрғынының сөзіне сүйенсек, өрт төртінші қабаттағы бөлмеден шыққан. Бөлмеде маскүнем ер адам тұрады екен.

БҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, жатақхананың өртенгені туралы хабар 20.16-да түскен.

"Оқиға орнына өрт сөндірушілер жөнелтілді. Олар барғанда төртінші қабатта бөлме лаулап жанып жатқан, — деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі басылымға. – 21:00-де өрт ауыздықталып, 22:09-да сөндірілді".

Жатақхана тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт сөндірушілер сегіз адамды құтқарған, олардың үшеуі – балалар. Өрт аумағы 25 шаршы метрді құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: