Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде дәмханадағы өртке май түрткі болған

Өрт, Ақтөбе, дәмхана, ас бөлме, май, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2024 19:17 Сурет: ҚР ТЖМ
Тамақ қуыратын арнайы жыбдықтағы май қаладағы дәмханалардың біріндегі өртке түрткі болған. Ас бөлмеден шыққан өртті өрт сөндірушілер жедел сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі бүгін, 17 шілдеде Ақтөбе қаласының құтқарушыларының дәмханалардың бірінде шыққан өртті сөндіргенін хабарлайды. Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері мекеменің ас үйінде тамақ қуыратын арнайы электр жабдықтағы май жанғанын анықтады.

"Құтқарушылар  шақырту түскен сәттен бастап 14 минут ішінде өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ", делінген хабарламада.

ҚР ТЖМ мұндай жағдайда не істеу керектігін айтты. Егер май жанса:

  • тамақ пісіріп жатқан пешті немесе электр құрылғысын өшіріңіз;
  • табаны немесе кастрюльді қақпақпен жабыңыз, бірақ қақпақ әйнектен жасалған болмауы керек!
  • жанып тұрған майды сумен сөндірмеңіз - бұл қауіпті;
  • өрт сөндіргіштерді сатып алыңыз, алғашқы өрт сөндіру құралы жедел қызметтер келгенге дейін жалынды сөндіруге көмектеседі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: