Жаңалықтар тізбегі
0

22 жасар қызды туған ағасы мен анасы өлтірген

pravda.lutsk.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2018 17:04 pravda.lutsk.ua
Күдікті әйел қыздың жиі үйге келмейтінін, соңғы рет Қызыл-Киядан тауып әкелінгенін айтты.

Ош облысының Ноокат ауданында анасы өз қызын некесіз бала тудың деп өлтіріп тастаған. Ош облыстық ішкі істер басқармасынан хабарлағанындай, анасына ұлы, яғни марқұм қыздың ағасы сыбайлас болған. Бұл туралы zakon.kz, kaktus.media жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың 2 шілдесінде Ош облысының Бел Ноокат ауданындағы өзен жағасында денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 22 жастағы қыздың мәйіті табылды. Сараптамаға сәйкес, қайтыс болған адамның денесі суда 10-12 күн жатқан.

«Қыздың басы сынған, аяқтары байланған. Жедел-тергеу іс-шаралары кезінде қызды анасы мен ағасы өлтіргені анықталды. Анасы өз қызын арнаға тастағанын мойындады және бұл ісі арқылы бойжеткенді қорқытқысы келгенің айтты», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Полицияның айтуынша, биылғы жылдың мамыр айында қыз некесіз баланы туған. Ол баласын асырап алуға басқа адамдарға берген. Отбасы мұндай істі бойжеткенге кешіре алмаған.

Күдікті әйел қыздың жиі үйге келмейтінін, соңғы рет Қызыл-Киядан тауып әкелінгенін айтты. Айта кету керек, марқұм қыздың ата-анасы ажырасқан, бірақ отбасы жақсы тұрған. 47 жастағы анасы мектепте мұғалім болып еңбек еткен. Жауап алу барысында ол қызын тағыда қашып кетпес үшін байлағаның түсіндірді. Кейінірек ұсталған 24 жастағы қыздың ағасы, өзінің әрекетін жалғыз қарындасы отбасын қорлады деп түсіндірді.

Қазіргі кезде марқұм қыздың анасы мен інісі ұсталды. Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің «өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: