Жаңалықтар тізбегі
0

"Көтеріліп кеттім..." Алматы облысында емші мен қызын өлтірген күдікті әйел ұсталды

Ашық дерек көздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2019 16:37 Ашық дерек көздерден алынды
Кісі өліміне күдікті қайтыс болған адамдардың туысы болады. Әйел жиі бас ауруына шағымданады екен.

Алматы облысында жер үйдің ауласынан пышақталып өлтірілген екі әйелдің денесі табылды. Оның бірі 67 жастағы анасы болса, тағы бірі 44 жастағы қызы екен. Бұл қанды оқиғаға қатысты күдікті ретінде 45 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындар жедел жәрдем мен полиция шақырған. Дәрігерлер келгенге дейін пышақ жарақатын алған әйелдерді құтқару мүмкін болмады. Сондай-ақ қылмыс болған жерден адам өлтіретін қару табылған.

"Оқиға орнына сот-медициналық зерттеу жүргізетін сарапшылар мен тергеушілер келді. Күдіктіні іздеу басталды. Марқұмдардың денесінде сарапшылар бірнеше пышақ жарақатын тапты. Жұмыс тобы құрылып, "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірнеше сағат ішінде 45 жастағы әйел ұсталды", - деді тергеуші Дамир Мырқасымов.

Марқұмдар бір отбасынан екені белгілі болды. Анасы - 67, қызы - 44 жаста. Белгілі болғандай, зардап шеккендердің бірі емшілікпен айналысқан. Емдеу үшін оған бүкіл ауыл адамдары барып тұрады екен. Кісі өліміне күдікті де дәл осындай мақсатта келген. Ол қайтыс болған адамның туысы болады. Әйел жиі бас ауруына шағымданады.

"Мен оларға келдім, ол мені қарады. Ол маған емделуге болмайтынын, менің басымда проблемалар бар екенін және психикам бұзылғанын айтты. Сен ешқашан адам болмайсың деді. Маған бұл ұнамады, мен сол кезде маған не болғанын білмеймін. Көтеріліп кеттім. Мен өзіме және өз әрекеттеріме есеп бере алмадым", - дейді күдікті.

- Мұның бәрі дуа рәсімнен кейін басталды, - дейді полиция. Ұсталған адамның өзі не болғанын айтып бере алмайды. Ол тек асүй пышағын алғанын есіне алады. Күдікті оқиғадан кейін ауылдың шетіне қарай қашқан.

"Әйелмен сөйлесу өте қиын, көптеген сұрақтар бойынша ол нақты жауап бере алмайды және өлтірудің нақты себебін атай алмайды. Бірақ ол бұл қылмысын мойындады. Ол туыстарын өлтіргісі келмегенін айтады", - деді тергеуші.

Күдікті психикасының бұзылуынан зардап шегетіні белгілі. Тергеу шаралары әлі аяқталған жоқ. Іс бойынша бірнеше сараптама тағайындалды. Екі адам өлтіру бойынша тергеу облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: