Алматыда әйел мен оның екі баласын өлтірген күдікті ұсталды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2023 10:47 Сурет: polisia.kz
Алматыда әйел мен оның кәмелетке толмаған балаларын өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 1982 жылғы Алматының тұрғыны анықталып, ұсталды.

"Аталған дерек аудандық полицияда ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы ("Екі немесе одан да көп адамды өлтіру") және 99-бабы 3-бөлігі ("Жас баланы өлтіру") бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық қажетті сараптамаларды тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.

Ұсталған адам аудандық полиция УҰИ-ға қамаққа алынды.

Еске салайық, 2023 жылғы 14 қыркүйекте сағат 23:24 шамасында Алматы облысы Іле ауданының ПБ-ға Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінен К есімді әйел мен оның екі кәмелетке толмаған баласының мәйіті табылғаны туралы ақпарат түскен. Күдікті қылмыстың іздерін жасыру мақсатында үйді өртеп жіберген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: