Жаңалықтар тізбегі
0

Әйел мен оның екі баласын өлтірген қырғызстандықты атып өлтірді

Әйел мен оның екі баласын өлтірген қырғызстандықты атып өлтірді , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2024 12:07 Сурет: pexels
Қырғызстанда 24 мамырға қараған түні қайғылы оқиға орын алды. Ауылдардың бірінде бір әйел мен екі баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 мамыр күні сағат 00:37 шамасында "102" қызметіне Талас облысы Айтматов ауданы Ақ-Башат ауылында кісі өлтіру оқиғасы орын алғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар 27 жастағы әйел мен төрт және екі жастағы балалардың денелерін тапты.

Оқиға орнынан атыс қаруы мен балта табылды.

Қауіпсіздік қызметкерлері күдіктіні – бұрын сотталған сол ауылдың тұрғыныны, 48 жастағы ер адамды іздеуді қолға алды. Akipress жазғандай, ол қаза тапқандардың туысы. Бұрын кісі өлтіруге оқталғаны үшін сотталған.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аса ауыр кісі өлтірген күдіктінің орналасқан жері анықталды, ол тауда жасырынуға тырысты. Ұсталған кезде күдікті жойылды", - деп хабарлады ІІМ.

Осындай қайғылы оқиға Қазақстанда 2023 жылы болған. 14 қыркүйекте Алматы облысы Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінде өрт орын алған. Жалын сөндірілгеннен кейін, денелерінде зорлықпен өлтіру белгілері бар әйелдің және оның екі кәмелетке толмаған баласының мәйіттері табылған. Бір нұсқа бойынша, қылмыс ақшаға байланысты жасалған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: