Таразда анасы екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберді
Фото: pexels
2026 жылғы 9 ақпан күні Таразда қайғылы оқиға орын алды. Әйел екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Балалар аман қалды: 2 жасар ұл және 4 жасар қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Құқық қорғау органдары іс бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде.
"Кейінгі процессуалдық шешім Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес қабылданады", – деп хабарлады полиция.
Еске салсақ, осыған ұқсас жағдай 2025 жылы Павлодарда тіркелген еді. Сол кезде әйел екі баласын бесінші қабаттан лақтырып, өзі де секірген. Балалар ауыр халде ауруханаға жеткізілген, бір жасар сәби қаза тапқан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript