Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстанға заңсыз әкелінген 800-ден астам көлікке іздеу салынады

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс комитеті елге заңсыз әкелінген автокөліктердің тізімін жариялады.

Сурет : kgd.gov.kz18 Шілде 2018, 14:31

Қазақстан Республикасы кедендік заңнамасының талаптарына сәйкес, шет мемлекеттерден (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін) әкелінген автомобильдерді шектеусіз қолдану үшін оларды кедендік декларациялау қажет, сондай-ақ тиісті кедендік баждарды, салықтарды төлеу міндетті. Басқа жағдайларда осындай көліктерді шектеусіз қолдануға жол берілмейді.

Осы талаптарға қарамастан, бүгінгі күні еркін саудада Монғол Халық Республикасынан кедендік заңнама нормаларын бұза отырып әкелінген автомобильдер бар. Заң бұзушылар ішкі істер органдарында тіркеу есебіне қою үшін жалған кедендік құжаттарын пайдаланған. Бұл туралы zakon.kz мемлекеттік кірістер комитеті берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Заңсыз айлалар Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы кеден қызметтерінің ақпараттық жүйелерінің деректер қорын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде есепке алу туралы деректерімен салыстыру нәтижесінде анықталды.

Жалпы, тізімде корейлік және жапондық автомобиль өнеркәсібінің көліктері ұсынылған. Дегенмен, элиталық автомобильдер бар. Атап айтқанда, Jaguar XJ, Mercedes-Benz G500, Lexus RX400H, BMW X5 және Chevrolet Camaro.

Негізінен 2001 – 2010 жылдары шыққан Оңтүстік Корея өндірісінің автомобильдері (Хундай, Киа) әкелінген.

Қазіргі кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік кірістер органдарымен контрабандалық автомобильдерді кідірту бойынша шаралар қабылдануда.

Осыған байланысты, азаматтарды жүрілген көліктерді сатып алу кезінде сақ болып, автомобильдің кедендік тазартудың дұрыстығын аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну жолымен тексеруге ерекше назар аударуды ұсынамыз.

Бүгінгі күні мемлекеттік кірістер органдарымен кедендік заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатқан автомобильдердің тізімін мына сілтеме арқылы қарауға болады:

http://kgd.gov.kz/sites/default/files/AVTO/prilozhenie_k_press-relizu-09.07.18-1.xls


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер