Заңсыз әкелінген смартфонды ақылы түрде "заңдастыру": Цифрлық даму министрлігі түсініктеме берді

Сотовая связь, мобильная связь, мобильная сеть, мобильный интернет, мобильный оператор, мобильные операторы, сотовый оператор, оператор сотовой связи, социальные сети, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2025 14:16 Фото: unsplash
2025 жылғы 29 қазанда Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун Мәжіліс кулуарында елге заңсыз әкелінген смартфондарды "заңдастыру" туралы мәселеге түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұған дейін БАҚ-та Қазақстан азаматтарына заңсыз әкелінген смартфондарды ақшаға верификациялау (тіркеу) қызметін ұсынып жүргендер туралы хабар тараған еді.

"Шын мәнінде, егер қазір біреу осындай қызмет ұсынып жүрсе де, бізде барлық жүйе цифрландырылып жатыр. Енді телефон нөмірлерінің бірыңғай тізілімі және сол нөмірлердің иелері бойынша тізілім пайда болады. Егер бір жеке сәйкестендіру нөміріне (ЖСН) бірнеше нөмір немесе телефон тіркелсе, біз мұны талдау барысында оңай анықтай аламыз", – деді Мун.

Сонымен қатар ол жақын арада биометриялық сәйкестендіру жүйелері енгізілетінін еске салды.

"Біздің тарапымыздан аналитика мен цифрлық технологиялар арқылы мұның бәрін анықтау мүмкіндігі бар. Сол себепті егер біреу осындай қызмет ұсынса, ондай жолға бармауға кеңес беремін. Ең дұрысы – өз смартфоныңыздың біреудің атына тіркелмегенін алдын ала тексеру", – деп атап өтті вице-министр.

Бұған дейін Қазақстанда дипфейк үшін жауапкершілік енгізілетіндігін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: