Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Париждегі 65 млн евро тұратын пәтердің иесі «үкімет адамы» емес

Қазақстан азаматы аса қымбат жылжымайтын мүлікті барлық салықты төлеп, заң жүзінде сатып алған.

Сурет : Игнас Мювиссеннің жеке мұрағатынан18 Шілде 2018, 16:36

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті төрағасының орынбасары Мәди Тәкиев 65 миллион еуроға Парижде пәтер сатып алған қазақстандық туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

«Біз Франциядағы әріптестерімізге сауал жібердік, жауап келді. Бірақ салық төлеуші бізге өзі туралы мәліметті ашып айтуға рұқсат етпеді, сондықтан біз хабарлай алмаймыз», - деді ол.

Оның айтуынша, бұл "салық құпиясы".

«Пәтер заңды түрде сатып алынып, салық төленген. Ол өзінің табысын көрсеткен, сол арқылы салық төлеген. Бұл оның жеке өзіне тиесілі ақша. Ол үкімет адамы емес», - деп түсіндірді комитет төрағасының орынбасары.

Пәтер қаланың «Алтын үшбұрышы» саналатын Montaigne даңғылында орналасқан. Тұрғын үй 1200 шаршы метрді құрайды. Онда бес жатын бөлме, бес жуынатын бөлме, спа-орталық және қызметшілерге арналған бөлек қанат бар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер