Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-ның Бөрлі ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының аумақтық семинары өтті

«Будни Аксая» газеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2018 19:00 «Будни Аксая» газеті
Аудандық Мәдениет үйінде өткен алқалы жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі, ауданда қоғамдық келісім кеңестері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

12 шілде күні БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы қатысқан басқосуға Бөрлі, Теректі, Шыңғырлау аудандары мен ауылдық округ әкімдері, медиаторлар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық келісім кеңестерінің өкілдері, жастар ұйымдарының жетекшілері шақырылды.

Аудандық Мәдениет үйінде өткен алқалы жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі, ауданда қоғамдық келісім кеңестері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

Елбасы атап өткендей, Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық маңызды процестерге белсенділік танытып, мемлекеттік істер және ірі бастамалар мен реформаларға қолдау көрсете отырып, бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі болып қала береді. Ал әр аймақта жұмыс жасап жатқан «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарушы органы болып табылады. Яғни аталмыш мекеме елдің бірлігі мен идеалогиясын ұйымдастырып отырады. Батыс Қазақстан бойынша 2014 жылы құрылған қоғамдық келісім кеңесінде бүгінгі таңда 55 адам қызмет атқарады.

- Өңірде қоғамдық келісім мекемесі төрт бөлім болып өз жұмысын бастаған болатын. Қазіргі таңда бөлім саны сегізге жетті. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Ұлтаралық пен конфессияаралық келісімді насихаттау бағытында өңірде қоғамдық келісім кеңесі жоспарға сай жұмыстарды атқаруда. Біздер қоғамдық келісім жұмыстарын одан әрі дамытып, жандандыруымыз қажет. Сол себептен де бүгінгі семинарды жергілікті жерлерде тәжірибе алмасу бағытында ұйымдастырып отырмыз. Қоғамдық келісім мен медиация жұмысы қандай деңгейде болу керек деген сауалдарға ой бөлісіп, пікір алмасуды мақсат етіп келдік, - деді БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Медхат Қамбетов.

«Қоғамдық келісім кеңесі - халық пен билік арасын тығыз байланыстыратын, қоғамдық пікірді мемлекеттік органдарға жеткізетін орган», - деген БҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ әлеуметтік бастамалар және қоғамдық келісім бөлімінің басшысы Ботагөз Зайнуллина тұрақтылық пен ұйымшылдық жолында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

- Қоғамдық келісім кеңесі әр азаматтың мүддесін мемлекет мүддесімен ұштастыруға, ел бірлігін нығайтуға үлес қосып жүрген ұйым ретінде танылуда. Кеңестің құрамында тұрғындардың ілтипатына бөленіп жүрген, көпті көрген, елге сыйлы азаматтар, ақсақалдар, аналар кеңестері, этномәдени орталығының төрағалары мен мүшелері, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдардың өкілдері және сарапшылар кіреді. Қоғамдық келісім кеңесінің арқасында ауылда ұйымшылдық, бірлік, татулық орын алуда. Кеңес төрағалары мен мүшелері өмірде болып жатқан келеңсіз оқиғаларды, ішкілікке салынған отбасыларды, тазалыққа мән бермейтін тұрғындарды, құқық бұзушылыққа бейім келетін жастардың тілін табу мақсатында округ әкімімен бірге оңтайлы шешім табу жолында жұмыстанып келеді. Ауылдағы аналар кеңесімен жастарды патриоттық тәрбиелеуге мән беруде. Дін, отбасы әлеуетін арттыру, қоғамдық тәртіп мәселелері үнемі бақылауда, - деді ол.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің медиаторы, БҚО медиациялар қоғамының төрайымы Алуа Ракишева медиция туралы атап өтті. Бүгінде еліміздегі өзекті мәселе болып табылатын медияция - Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің жаңа бағыттарының бірі. 2016 жылы облыс орталығында медиация кабинеті ашылған болатын. Медиаторлардың міндеті - дауласушыларды келістіру, мүмкін болса - татуластыру, істі сотқа қаратпай-ақ тындыру.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2018 19:00

- Ағымдағы жылы медиация кабинетінде техникалық құралдармен, әдістемелік әдебиетпен және ақпараттық материалмен қамтамасыз ету бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді. Бізге келген кез келген адам ақпарат ала алады. Кабинетте сенім телефоны орнатылған. Медиация кабинетінің жұмысы сот органдарының бұрынғы қызметкерлері қатарынан әлеуетті медиаторлардың деректер базасын қалыптастыруға бағытталғанын атап өткім келеді. Статистикаға сәйкес, медиация араласқан даулардың барлығы дерлік тараптардың татуласуымен аяқталып келеді. Алайда тұрғындардың медиация туралы хабардарлығы аз, бұл тәсілді көпшілігі қолдана бермейді, - деді БҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ медиаторы Алуа Ракишева.

«Қоғамдық келісім» КММ сараптама-талдау бөлімі негізгі екі бағытқа бөлінеді. Бірінші бағыты - облыстық Ассамблеяның қызметін ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету, екіншісі - этносаралық қатынастар саласында аналитикалық және мониторинг жұмыстарын үйлестіру. Екінші бағыт бойынша өңірдегі этносаралық жағдайдың жай-күйін, даму барысын және оған ықпал ететін факторларды зерделеу бойынша жұмыстанады. «Қоғамдық келісім» КММ ақпараттық-сараптама бөлімінің басшысы Әсия Жумина өңірдегі этносаралық жағдайдың жай-күйі туралы талдау жасады.

Жиынға қатысушылар алда тұрған міндеттерді атқаруда бір-біріне жан-жақты көмек көрсетуге шақырды. Бұдан соң тақырып бойынша сауалдар қойылып, жауап берілді.

Жайнагүл Жеңісқызы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: