Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда «ТКШ цифрландыру: ИТП АЭА рөлі мен мүмкіндігі» форумы өтті

«Алатау» ИТП, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2018 23:49 «Алатау» ИТП
Қатысушылар бизнес-форумның ақпаратқа толы екендігін, ең бастысы – бизнесте практикалық қолдану үшін пайдалы екендігін атап өтті.

2018 жылғы 20 шілдеде Алматыдағы «Алатау» ИТП аумағында «ТКШ цифрландыру: ИТП АЭА рөлі мен мүмкіндігі» форумы өтті.

Бұл ТКШ саласындағы өндіріс пен құрылысты онлайн-коммерцияландырудағы өзекті проблемаларды талқылауға және индустриядағы трендтерді жариялауға бағытталған 4 жоспарланып отырған салалық бизнес- форумдарының екіншісі. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Алматы» ӘКК ұйымдастырушылары болып табылады.

Форумның қатысушылары арнайы көрсету аймағына барды, мұнда ИТП АЭА резиденттері және басқа да компаниялар процестерді автоматтандыру, ақпаратты заттар интернетінің, телеметрия технологияларын және т.с.с. пайдалана отырып деректерді өңдеу, мониторингілеу және есепке алу үшін цифрлық түрге ауыстыру бойынша өз мүмкіндіктерін көрсетті. Осылайша, қызметтердің тапсырыс берушілері мен әлеуетті өнім берушілері арасында тікелей сұхбат жолға қойылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2018 23:49

«Форумның басым міндеті бірінші кезекте, ашық сұхбат үшін ТКШ нарығының барлық қатысушыларын және осы саладағы цифрлық әзірлемелермен айналысатын компанияларды бірыңғай алаңға жинау қажет болды. Барлық қатысушылар ең жоғары тиімді нәтижелерді алу үшін ауқымды деректермен (Big Data) жұмыс істеудің бірыңғай технологиялар жүйесін құруға бірлесіп күш-жігерін жұмсау қажеттілігі жайлы пікірді нығайтқан өте маңызды», - деп атап көрсетті «Алматы» ӘКК Басқарма төрағасының орынбасары Әділ Бөрлібаев.

Қатысушылар бизнес-форумның ақпаратқа толы екендігін, ең бастысы – бизнесте практикалық қолдану үшін пайдалы екендігін атап өтті. Ұйымдастырушылар осыған ұқсас іс-шаралар резиденттер үшін барлық мүмкіншіліктерді ең жоғары түрде пайдалану және тұрғындардың өмірін жақсарту үшін ауыз толтырып айтарлық нәтижелерді енгізу үшін және тұтастай алғанда қаланың экономикалық дамуы үшін ИТП АЭА алаңында үнемі өтіп тұратынына уәде берді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2018 23:49

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: