Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Тасқыннан зардап шеккен Шемонаиха тұрғындарына баспана берілді

Су алған өзге үйлерде қазір жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Сурет : ҚазАқпарат23 Шілде 2018, 16:22

ШҚО-ның Шемонаиха қаласында тасқыннан зардап шеккен тұрғындар баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметінің хабарлауынша, үйі жарамсыз 12 отбасы жаңа пәтерге ие болған. Пәтер кілттерін партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов табыстады. Халықтың көптен күткен қуанышына Астанадан да меймандар қатысып, баспаналы болған отбасыларға сыйлық ұсынды.

«Менің үйім су астында қалып қойған. Іргетасы үш жерден жарылып кетті. Сол кездегі жағдайымды көрсеңіздер ғой. Қорыққанымыз соншалықты, біраз уақытқа дейін ес жинай алмадық. Бұрын тек теледидардан көретін жағдайдың басыма келетінін ойламаған да едім. Ал бүгін 4 бөлмелі ағаш үйге қоныс аударып отырмыз. Жаңа баспанамыз берекелі болады деген үміт бар», - дейді Людмила Дегтярева есімді тұрғын.

Салтанатты жиында жаңа баспананың кілтін алған Людмила өмірімнің жаңа парағы осында басталады деген сенімде. Себебі, ағаштан соғылған төрт бөлмелі үйдің бой көтерген жылы да жаңа, жағдайы да бұрынғы баспанасынан едәуір жақсы.

Бұл отбасы жаңа баспананы өздеріне икемдеп алу үшін, жеңіл жөндеу жұмыстарын жүргізбекші.

«Есіктерін ауыстырып, ас үйге кафель төсейміз. Мемлекеттен дәл мұндай көмек болады-ау деп күтпеп едік», - дейді Людмила.

Баспанасы жарамсыз болған 12 отбасыдан бөлек көп балалы жанұяларға да жомарт жандар тарапынан көмек көрсетілді. Атап айтқанда, "Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің жергілікті кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Астанадан арнайы келіп, қорап-қорап тұрмыстық техникаларды тарту етті.

«Біздің ұжым «Нұр Отан» партиясынан түскен үндеуге бір кісідей атсалысты. Барлығы 2 млн теңге қаражат жиналды. Бүгін 18 тоңазытқыш, 7 кір жуатын машина, 8 теледидар алып келдік» - дейді бірлестік төрағасы Қорғанбек Нұрпейісов.

Су алған өзге үйлерде қазір жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Оның барысы «Нұр Отан» партиясының бақылауында.

«Ауданда жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Тамыздың аяғына дейін 126 үйдегі жөндеу толық аяқталады. Құрылған қорда қаражат бар. Аудандық әкімдіктің алдына қойылған міндет бар. Ол филиал төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметовтің тікелей бақылауында. Сондықтан тасқыннан зардап шеккен халықтың қалыпты тұрмысын қайтару күн тәртібіндегі басты мәселе», - деді Әнуарбек Мұхтарханов.

Жалпы тасқыннан Шемонаиха ауданының бірнеше елді мекені зардап шеккен болатын. Салдарынан 152 үйге су кіріп, оның 13 тұруға жарамсыз деп танылды. Арнайы комиссиямен 134 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Үкімет шешіміне сай, республикалық бюджеттен 168 млн теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар, облыстық «Парыз» қорынан 50 млн теңге қарастырылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер