Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО: тасқыннан зардап шеккендерге баспана салу басталып кетті

БҚО: тасқыннан зардап шеккендерге баспана салу басталып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 17:50 Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тасқын судың беті қайтқан соң оның зардабымен күресу, шығынның қалпын келтіру жұмыстары жүріп жатыр

Подстепный ауылдық округінде суға кеткен тұрғындарына кезең-кезеңімен көмек беру жүзеге асуда. 

Қазір халыққа керегі - баспана. Әрбір жерде тентіреген тұрғындардың талабы да сол "тезірек баспана салып берсе екен" болып отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы "Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі" деп бірқатар тапсырмалар берген болатын. Қазіргі таңда комиссия шешімімен  апатты деп танылған үйлер құлатылып, орнына жаңа үй салу жұмыстары басталды.  Сондай-ақ  ішкі әрлеу жұмысын қажет ететін үйлер бар.  Оның бәрін қалпына келтіру уақытты талап етеді.

Батыс Қазақстан облысы , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 17:50

Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сол тапсырмаларға сәйкес, Подстепный ауылдық округінде тұруға жарамсыз деп танылған 98 үй бұзылатын болды. Орнына 80 метр квадратты құрайтын жаңа үй салынады. Қазіргі уақытта аталмыш ауылда құрылыс қарқын ала бастады.  

БҚО: тасқыннан зардап шеккендерге баспана салу басталып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 17:50

Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тұрғын үй салу жұмыстарын "Отделстрой", "СВС Батыс", "Атамекен Инвест", "CHRYSTAL GENERATION LTD", "ГрадИндҚұрылыс", "BETA Servicom", "Batys Kurylys  Servicom" сынды бірнеше құрылыс компаниялары жүргізеді.

Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова мердігерлермен кездесіп, тұрғын-үй барысын қарады.

БҚО: тасқыннан зардап шеккендерге баспана салу басталып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 17:50

Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Құрылыс басында болып Подстепный ауылы тұрғандырымен тілдескен болатынбыз. Ол жандардың ішінде рақмет айтып жатқандары да, көңілі толмай, жасалып жатқан жұмыстарды жоққа шығарып жатқандары да бар. 

БҚО: тасқыннан зардап шеккендерге баспана салу басталып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 17:50

Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Солардың бірі Подстепный ауылына қоныс тепкеніне жиырма жылға жуық уақыт болған Неғметолла Жалмұратовтың үйі де апатты деп танылған.

"Наурыз айының соңында тұрғын үйіміз суға кетті. Комиссия шешімімен үйді бұзып, орнына жаңа үй салып беретінін айтты. Қазір жерді тегістеп жатыр. Бір-екі күнде үй іргесі құйылады. Алла қаласа, күзде жаңа баспанамызға кіреміз деген ойымыз бар. Қазіргі уақытта құрылыс қарқыны жақсы. Мердігерлер күзге дейін үйді толық аяқтап, кілтін табыстаймыз деп отыр. Онысы дұрыс. Тентіреп жүрген халық өз баспанасына тезірек орналасса екен дейміз".  Неғметолла Жалмұратов

Жауһар Нұрым

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: