Тарбағатай ауданында жұқпалы қарасан ауруы тіркелді

altaynews.kz altaynews.kz
Тарбағай ауданына қарасты Екпін ауылдық округінің әкімі ауру шыққан «Ақбәдеш» шаруа қожалығына шектеу шараларын жүргізуді тапсырды.

Жақында ғана Тарбағатайдағы шаруа қожалықтарының бірінен ірі қарадан тарайтын қарасан ауруы тіркелді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Белгілі болғандай, бұл қауіпті мал ауруының қатарына жатады. Адамға жұқпайды, әйткенмен айналасы бес күннің ішінде жануар өліп қалуы мүмкін. Біртіндеп қорадағы малдың жаппай қырылуы ғажап емес. Ондай малдың ет жеп, сүтін ішуге әсте болмайды. Сондықтан қарасаннан өлген малды өртеп жібереді.

Қарасан ауруының нәтижесінде зақымданған тері домбығып, басып көргенде сықырлайтын дыбыс шығарады. Токсиндер мен ыдыраған ұлпаның өнімдері қанға өтіп, бүкіл ағзаны улайды. Малдың ыстығы жоғарылап, жүректің, ішкі ағзалардың, әсіресе, бауырдың қызметі бұзылады.

Тарбағай ауданына қарасты Екпін ауылдық округінің әкімі ауру шыққан «Ақбәдеш» шаруа қожалығына шектеу шараларын жүргізуді тапсырды.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз