Ақтөбе облысында ірі қарадан «қарасан» жұқпалы ауруы табылды

Ақтөбе облысында ірі қарадан «қарасан» жұқпалы ауруы табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2023 17:37 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысында ірі қарадан «қарасан» ауруы табылды. Алға ауданының Маржанбұлақ ауылындағы шаруа қожалығына уақытша шектеу енгізілді.

Мамандар мұндағы бір жасар еркек төлдің өлексесін зерттеп, сынама алған. Облыстық ветеринария зертханасы қауіпті аурудың болғанын көрсетті, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондықтан ауыл әкімдігінің қаулысы бойынша Қарасанның қауіпті бактериологиялық жұқпалы ауру екені ескеріліп, шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шаралары енгізілді.

Қазір шаруашылықтағы сиырларға түгелдей вакцина салынып жатыр.

"Бұл жерде үш бас мал ауырған. Былтырғы баспақтар ғой. Клиникалық белгілері: ақсаған, аяқтары ісіп кеткен. Содан «қарасан» ауруы деген күдік пайда болды. Республикалық эпидзод отряд сауықтандыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр." Иса Базаров, облыстық Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: