Ақтөбе облысында ірі-қарадан қауіпті вирус табылды

Ірі-қара, вирус, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, карантин, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2025 22:47 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысында ірі қарадан қарасан аурыруы шығып, карантин жарияланды. Ойыл ауданындағы шаруа қожалығының бірінде сиырлардан қауіпті вирус табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, ветеринарлар Көптоғай ауыл округіндегі қожалыққа ғана әзірге шектеу шараларын қойған. Бұл қыстаққа мал кіргізіп-шығаруға тыйым салынды. Күйдіргі жұқтырған төрт сиыр бірден арам қатқан. Бұл қауіпті індет тек ірі қарада ғана кездеседі. :

"Карантин жарияланды. Бүгінде эпидемияға қарсы мемлекеттік мекеме сауықтыру жүргізуде. Ауру белгілері: үш айдан үш жасқа дейінгі мал ауырады, яғни жас мал ауырады".Бердімұрат Бекжанов, Ақтөбе облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары

Қазір қарасан анықталған "Мәтжат" қожалығында қазір қырықтан аса аша тұяқты бар. Оны қорадан шығармай қамап ұстап отыр.

Бұған дейін Ақтөбеде оқушылардың улануына байланысты СЭБД  мәлімдеме жасап, күмәнді "снектердің" сатылымнан алынғанын хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: