Семейде тоғыз адам сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша сотталды

altaynews.kz altaynews.kz
Заңды белден басқандардың арасында тəртіп сақшысынан бастап колледж директорына дейін бар екен.

Бұл туралы арнайы баспасөз мəслихатында семейлік Фемида өкілдері мəлім етті. Анықталғандай, заңды белден басқандардың арасында тəртіп сақшысынан бастап, колледж директорына дейін бар екен деп жазады Алтайньюс.

Жол патрульдік полиция өкілі парамен ұсталса, білім ұясының басшысы орынбасарымен бірге сенімге тапсырылған мүлікті жымқырыпты.

Атап айтқанда, жалған түрде екі оқытушыны қызметке алып, олардың жалақысын қойындарына басып отырған.

Заң өкілдері, сыбайлас жемқорлықпен қамалғандардың басым көпшілігі кінəларын мойындап, жасалған қылмыстарына өкінетіндерін жеткізді.

Сондықтан да айыпталушыларға айыппұл мен бостандықтарын шектеу жазасы тағайындалыпты.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз