Жаңалықтар тізбегі
0

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін соңғы екі аптада алты үкім шықты

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2021 22:11 Сурет: zakon.kz
Үкімдер заңды күшіне енген жоқ.

Өткен екі апта ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бұрын аяқталған қылмыстық істер бойынша бірқатар айыптау үкімдері шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылдың 21 қыркүйегінде Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен алаяқтық жасағаны үшін Кенжебаеваны 3 жылға бас бостандығынан айыру (жазасын бала кәмелеттік жасқа толғанға дейін кейінге қалдыра отырып) сотталған, ол қылмыс жасаған кезде Қарағанды облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарды. Кенжебаева жоспардан тыс тексеру барысында анықталған экологиялық залалды азайту сылтауымен ЖШС директорының 10 млн.теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алдау жолымен иемденді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

2021 жылғы 21 қыркүйекте Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен облыстық "Шаңырақ" халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығының басшысы Аяпбергенова 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы үкіммен "Шаңырақ" орталығының кассирі Әбішаева 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Аталған тұлғалар әртістердің қызметтер көрсетуі туралы көрінеу жалған шарттар жасау арқылы 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде 40 млн.теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенген. Аяпбергенова өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды, Әбішаева материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен 10 жыл мерзімге айналысу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

2021 жылғы 22 қыркүйекте Петропавл қалалық сотының үкімімен "Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының Шаруашылық басқармасы" КММ басшысы Жұмабаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Осы үкіммен оның орынбасары Сағдеев 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жұмабаев пен Сағдеев жылу жүйесін ағымдағы жөндеу бойынша Мемлекеттік сатып алудың жалған шарттарын жасасу жолымен 5 млн.теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелді. Сонымен қатар, Мемлекеттік сатып алу шарттарын кедергісіз жасағаны үшін 3 кәсіпкерлік субъектісінен жалпы сомасы 1 млн.теңге пара алуда Джумабаевтың кінәсі дәлелденді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

2021 жылғы 27 қыркүйекте Семей гарнизоны Әскери сотының үкімімен бюджет қаражатын жымқырғаны үшін Павлодар қаласында орналасқан Шекара қызметінің 2033 әскери бөлімінің қаржы бөлімінің бастығы, майор Жуанышбаев 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды. Осы үкіммен қаржы бөлімі бастығының аға көмекшісі аға лейтенант Бигелдинов 8 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ қаржы бөлімінің бухгалтері Есентаева 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған адамдар 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде әскери қызметшілерге тұру үшін жалған іссапар шығыстарын есептеу және оларды кейіннен беру арқылы жалпы сомасы 126,5 млн.теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенген. Жуанышбаев пен Бигелдинов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ әскери атақтарынан айырылды. Есентаева 8 жыл мерзімге материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

2021 жылғы 28 қыркүйекте Глубокое аудандық сотының үкімімен Шығыс қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Кимасов 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімімен аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау бойынша Мемлекеттік сатып алу шартына қосымша келісім жасағаны және орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден 500 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Кимасов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

2021 жылғы 20 қыркүйекте Павлодар облысы Ақсу қалалық сотының үкімімен өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 3,3 млн теңге мөлшерінде пара алғаны үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақсу қалалық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі бас маманы Жұманов сотталды.
Осы үкіммен аталған адамға пара бергені үшін түрлі айыппұлдарға 3 кәсіпкер сотталды. Жұманов аталған кәсіпкерлерден тасымалданатын карантинге жатқызылған өнімді нақты тексерусіз фитосанитариялық сертификаттар бергені үшін жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: