Жаңалықтар тізбегі
0

Жемқорлыққа қарсы күресуші қызметкер 60 млн теңге пара үшін сотталды

askeri.sud.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2021 17:13 askeri.sud.kz
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкеріне қатысты алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сот анықтағандай, 2019 жылдың 5 шілдесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақтөбе облысы бойынша аға офицері ЖШС иесін қосымша салықтар мен айыппұлдарды азайту мәселесін шешіп беру үшін пара беруге итермелеп, оның 60 000 000 теңгесіне иелік еткен.

Оның кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, тергеу, жедел-іздестіру іс-шараларының хаттамаларымен және сот-медициналық қорытындыларымен расталды.

Нәтижесінде сот оны қатаң режимдегі мекемеде 12 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Сонымен қатар, сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлік мемлекет пайдасына тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: