Жаңалықтар тізбегі
0

Досын қылқындырып өлтірген жігіт 10 жылға сотталды

Baq.kz , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2018 23:20 Baq.kz 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қызылорда облысында досын қылқындырып өлтірген 25 жастағы жігітке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 25 жастағы сотталушы М.-ға қатысты айыптау үкімі жарияланды.

Іс-құжаттары бойынша сотталушы М. бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адам бола тұра түзелу жолына түспей, қайтадан аса ауыр санаттағы қылмыс жасаған.

«Сотталушы М. досы жәбірленушімен бірге Арал қаласының орталығында арақ ішіп, үйлеріне қайтпақшы болған. Сол сәтте жәбірленуші өзінің ішімдік ішкенін үйіндегілер көрмей-ақ қойсын деп, сотталушымен бірге оның ағасының үйіне барған. Үйге барғаннан кейін сотталушы мен жәбірленушінің араларында жанжал туындап, сотталушы жәбірленушіні киімнің бауымен буындырып өлтірген», - деп жазылған хабарламада.

Сот үкімімен сотталушы М. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді деп белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: