Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбедегі 52 өзбектің өлімі: автобус жүргізушісі сотта оқиғаның қалай болғанын айтты

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2018 21:55 Sputniknews.kz
Сотталушылар қатарында үш жүргізуші бар, олар бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ақтөбе облысында биыл қаңтар айында тірідей өртеніп кеткен 52 өзбекстандыққа қатысты сот ісінің бастапқы тыңдауы өтті, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

Қайғылы оқиға 18 қаңтарда сағат 10.30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара-Шымкент тас жолының 1068-ші километрінде Қалыбай ауылына жақын жерде болған еді. 57 жолаушы мінген автобустан өрт шығып, 52 адам қаза тапты – бәрі Өзбекстан азаматтары. Аман қалған үш жүргізуші – қазақстандықтар, тағы екі өзбек азаматы да өлім аузынан қалған.

Жүргізушілер Барат Таңатаров, Нұржан Қырғызбаев және Мақсат Пернебеков өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, көліктік құралдарды пайдалану ережелерін сақтамау салдарынан екі немесе одан да көп адамның қаза табуы бойынша айыпталған. Қылмыстық іс 52 томнан тұрады, 100-ден астам адам жәбірленуші ретінде тіркелген. Өртеніп кеткен сегіз жолаушының өкілдері жүргізушілерден моральдық шығын талап еткен: 600 бен 800 мың теңге аралығында.

Жүргізушілермен бірге сотталушылар қатарында кепілмен босатылған тағы екі адам бар: Бахадир Бердібаев – автобусты рейске шығаруға рұқсат берген механик – оған техникалық ақауы бар автобусты бағдарға жіберді деген айып тағылды және жанып кеткен автобусқа иелік ететін тасымалдаушы фирманың басшысы Нұрлыбек Телепбаев. Заң нормасы бойынша жұмысшылардың әрекеті үшін ол да жауап беруі тиіс.

Екі сотталушы кінәсін жартылай мойындады – Нұржан Қырғызбаев пен Мақсат Пернебеков.

Қырғызбаевтың айтуынша, қаралы күні жанармай бекетінде автобусқа сапасыз қысқы солярка құйғандықтан, көліктің қозғалтқышында жанармай қатып қалыпты. Сол себепті жолдың шетіне тоқтауға тура келеді. Автобус жүргізушілері жолай өтіп бара жатқан көліктерден жәрдем күтеді. Тергеу барысында Қырғызбаев айтып бергендей, автобустың іші тез суыта бастайды. Сол кезде жүргізушілер көліктің моторын дәнекерлеуші шаммен жылытпақ болады, бірақ Мақсат Пернебеков бұл ойдың өте қауіпті екенін айтып, бас тарқан көрінеді. Қырғызбаев жолаушыларды аяп кетіп, дәнекерлеуші шамды жағып, адамдар біраз жылынып алсын деген оймен автобустың ішіне қояды.

Сол кезде жүргізушілер қастарынан өтіп бара жатқан автобусты байқап қалып, салоннан атып шығып, көмек сұрауға ұмтылады. Дәл сол автобустың жүргізушісі Setra автобусының ішінен түтін шыққанын байқаған екен. Қырғызбаевтың айтуынша, өрт жолаушылар арасындағы жанжал салдарынан шыққан. Жолаушылардың бірі ашуға булығып, дәнекерлеуші шамды теуіп қалады, салдарынан автобус өртене бастайды. Сол жолаушы өрттен аман қалғандардың бірі екен. Дәрігерлердің мәліметінше, оның аяғы күйіп қалыпты.

Жүргізушілер есікті ашқанда, автобус ішіне оттегі кіріп, өрт одан бетер лапылдап жана бастайды. Соның кесірінен жолаушылар автобустан шыға алмаған. Әрі көліктің ішінде жүк те көп болыпты. Екі қабатты автобустың жоғарғы қабатында жолаушылар отырады да, ал бірінші қабатына жүк тиеген. Жеті минут ішінде көліктің түгі қалмай жанып кетті.

Сотталушылардың адвокаттары соттың Ырғыз ауылында емес, Ақтөбеде өтуін сұрап, өтініш білдірді.

Адвокат Нұржамал Әжіғалиеваның сөзіне сүйенсек, заңға сәйкес істің тергелуін сотталушыларға айып тағылған жерде, яғни Ақтөбеде өткізуге болады.

"Бұдан бөлек, Ақтөбеден 600 шақырым жердегі Ырғыз ауылына қайта-қайта баруға тура келеді. Сотқа қатысуға ниет білдірген жеті жәбірленушінің өкілдерін ойлаңыздар. Олар Өзбекстаннан келуге мәжбүр. Сонымен қатар, қамауға алынбаған сотталушылар да адвокаттармен бірге Ырғызға келуі тиіс. Ауылда адамдарды орналастыратын қонақ үй де жоқ", — деді адвокат Серік Махамбетовке.

Сот істі Ақтөбеде өткізуден бас тартып, келесі отырысты жетінші тамызға белгіледі. Алайда қорғаушылар бұл шешімге келіспей, облыстық сотқа шағым түсірмек. Олардың айтуынша, қоғам назарына іліккен істі шу шығармас үшін әдейі ауданда өткізгелі отыр. Оның үстіне, қорғаушылардың істі тергеген прокурорлар мен тергеушілерге де қояр сұрағы аз емес. Мәселен, автобус ішінде дәнекерлеуші шамды теуіп құлатқан жолаушы неге сотталушылармен бірге сот алдына келмеді? Тағы бір айта кететін жайт, бекеттердің бірінде автобус құжаттарын тексерген жол полициясы қызметкерінен тергеу барысында жауап алыныпты. Ол істің куәгері болып тіркелген екен. Ал бұл жайында адвокаттар бейхабар болған көрінеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: