Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Жақыпов қазақстандықтарды ұрланған заттарды сатып алудан бас тартуға шақырды

Ішкі істер министрінің орынбасары мәлімдегендей, ұрланған тауарларға деген сұраныс қылмысты көбейтеді.

Сурет : qamshy.kz24 Шілде 2018, 16:29

Полиция өз міндетін ешкімнің иығына ысырып тастамайды және қылмыспен күресу үшін барлық шараны қолданады. Алайда, көбінесе біздің отандастарымыз қылмыс жасауға, әдейі ұрланған заттарды сатып алуға өз үлестерін қосады. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Рашид Жақыпов брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

«Біз қабылдаған шаралар тұтастай қылмыстың алдын алуға жеткілікті деп ешкім айта алмайды. Қылмысты бір полицияның немесе бірнеше мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерімен жойыла салатын құбылыс емес. Әлеуметтік желілердегі жазылған пікірлермен келісемін, мұндай жағдайлар болып жатыр, өйткені қоғамның өзі осыған төзіммен қарайды. Қоғам мен мемлекеттік органдар шындап біріккен кезде ғана біз Қазақстандағы қылмыспен күресте үлкен жетістікке жетеміз деп ойлаймын. Мемлекеттік органдар қабылдаған шаралардың жеткілікті немесе жеткіліксіз екенін айтуға болады. Бірақ мынаны айта кеткім келеді, Қазақстанда соңғы бірнеше жылда құқықтық тәртіп орнату үшін көп нәрсе жасалды», - дейді Р. Жақыпов.

Вице-министрдің айтуынша, ұрлықтың жиілеп кетуіне ұрланған тауарларға деген сұраныс себеп болады. Полиция қызметкерлері ұрланған көліктерді бөлшектеп сатуға берген кезде немесе көлік жөндеу орталықтарына өткізілген кездегі фактілерді бірнеше рет ашты, адамдар осы ұрланған көліктердің қосалқы бөлшектерін еш қарсылықсыз сатып алады.

«Тіпті соңғы жағдайды айтайын. Павлодарда ұрланған көлікті жөндеу орталығына өткізген, сол жерден оны төмен бағада сатып алған. Яғни азамат ретінде немқұрайлы қарайтын осындай жағдайлар қылмыс жасауға ықпал етеді. Бұл тақырыпқа көп мысал келтіруге болады, бірақ бір нәрсені айтайын - бұл шындыққа негізделген, ұрланған заттар арзан бағаға сатылады. ол заттарды өзіміздің адамдар алады. Бәрі ол заттың қылмыыстық астары бар екенін білсе де, сезсе де, ұрланған затты арзан бағаға сатып алуға ешкім қарсы болмайды, Егер сіздермен бірігіп, бұған жол бермейтін болсақ, қоғамда ұрлық азаятын шығар", - деп есептейді Р. Жақыпов.

Сонымен қатар, вице-министр қылмыстың бетін ашу - полиция қызметкерлерінің қасиетті міндеті екенін атап өтті. Және олар өз міндетін ешкімге ысырып тастамайды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер