Жаңалықтар тізбегі
0

Саусақ ізін алудан бас тартқаны үшін салынатын айыппұл енді болмауы мүмкін

Саусақ ізін алудан бас тартқаны үшін салынатын айыппұл енді болмауы мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2023 17:04 Сурет: pixabay
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның 2024 жылдан бастап жалпыға бірдей саусақ іздерін алудан бас тартқаны үшін айыппұлды алып тастау мәселесін қарастыруға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол заңның сонау 2016 жылы депутаттардың ескі құрамымен қабылданғанын атап өтті. Парламенттің жаңа құрамы бұл айыппұлдардың орынды-орынды емес екенін көтеріп отыр.

"Бұл мәселелерді талқылауға және керек болса, кейбір өзгерістерді енгізуге дайынбыз. Себебі егер адам саусақ ізін беруден бас тартса, қызметті де ала алмайды. Сондықтан бұл адамдарды ынталандыру үшін ғана қабылданған шара шығар. Бірақ мұның бәрі әлі де талқылануы керек мәселеге жатады".Марат Қожаев

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қазақстандықтан саусақ іздері алына бастайды. 12 жасқа толмаған балаларды қоспағанда, Қазақстанның барлық азаматы және елде тұрақты тұратын шетелдіктер саусақ ізін тіркейді. 12 мен 16 жас аралығындағы балалар ерікті түрде саусақ ізін тіркеуден өтеді. Саусақ іздері мен геномдық тіркеуден өтуден бас тартқаны үшін жауапкершілік 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: