Қанша ресейлік Қазақстан азаматтығын алғысы келеді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қазақстан азаматтығын алуға қанша ресейлік азаматтың өтініш білдіргенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
170-ке жуық ресейлік Қазақстанның азаматтығын алуға өтініш білдірді. Біздің сараптама көрсеткендей, былтыр да осыншама адам өтініш білдірген. Ал бұған дейін, тіпті одан да көп – 200-ден астам адам Қазақстан азаматтығын алғысы келген.ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев
Сонымен қатар Марат Қожаевтың айтуынша, тұруға ықтиярхат сұрағандар санының аздап өскені байқалады. Былтыр бұл көрсеткіш 350-ден 400-ге дейін болса, 2022 жылдың басынан бері мың адамға дейін жеткен.
Сонымен қатар 10 мыңға жуық адам жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алуға өтініш білдірген. Оны кез келген шет мемлекеттің азаматы бизнес жүргізу, қаржылық операциялық процестер үшін ала алады. ЖСН азаматтық немесе тұруға рұқсат алатындай құрал емес.Марат Қожаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript