Ресей азаматтығын алушы шетелдіктердің саны күрт азайған
Ресей азаматтығын алған шетелдік азаматтардың саны биылғы жылдың алғашқы екі айында өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 15 мыңға азайған, деп хабарлайды ТАСС.
2022 жылғы қаңтар мен ақпан айларында Ресей Федерациясының азаматтығын алу туралы шешім қабылданған адамдар саны – 84 817. РФ ІІМ
Өткен жылдың осындай кезеңіндегі бұл көрсеткіш 99 873-ті құрайды.
Сонымен қатар, ІІМ мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылдың екі айында Ресей Федерациясына шетелде тұратын отандастар мен олардың отбасы мүшелерінің ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдесу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға 680 адамға жуық адам қатысты.
Егер өткен жылдың қаңтар мен ақпан айларында 8 616 адам осы сипатта келсе, биылғы жылдың екі айында 9 293 қатысушы тіркелген.
Ресей ІІМ мәліметтері бойынша, өткен жылы Ресей азаматтығын өткен жылмен салыстырғанда 79 мың шетелдік азамат көбірек алды.
Көбінесе Ресей азаматтағын алушылар - Украина, Тәжікстан, Қазақстан және Армениядан келгендер.