Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

ШҚО-да өзен суы бөгеттен асып кетті

Өзен суы егіндікке жайылып, Қазақстан ауылына апаратын негізгі жолды шайып үлгерді.

Сурет : ҚазАқпарат25 Шілде 2018, 10:11

Шығыс Қазақстанның Күршім ауданында толассыз жаңбыр салдарынан өзен суы дамбыдан асып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзен суы егіндікке жайылып, Қазақстан ауылына апаратын негізгі жолды шайып үлгерді. Кеше кештен бері оқиға орнында Күршім аудандық төтенше жағдай бөлімінің мамандары мен жергілікті әкімдік өкілдері жұмыс істеуде.

«Тасыған су елді мекендерге қауіп төндіре қойған жоқ. Бөгет пен ауылдың арасы 3 шақырым. Ауылдан 600 метр жерде сурау каналы бар. Дамбының шлюздерін жапқан соң жағдай тұрақталды. Әзірге Қазақстан ауылының негізгі жолы жабық. Ел айналма жолмен қатынап жатыр» - дейді аудандық төтенше жағдай бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Оразғалиев.

Су алған жерлерді қалпына келтіру жұмыстарына жергілікті әкімдіктен 10 адам, төтенше жағдай қызметінен 6 адам тартылған. Боран ауылдық округіне қарасты Қазақстан ауылында 270 адам тұрады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер