Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Малайзиялық компания Астанаға 100-ден астам көше шамын сыйға тартты

​Елорданың Кравцов көшеснің бойынша Пушкин көшесінен Таха Хусейн көшесіне дейін 103 LED шамдары орнатылды.

Сурет : elorda.info25 Шілде 2018, 10:20

Заманауи шамдар электр қуатын 2,5 есе азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

​Елорданың Кравцов көшеснің бойынша Пушкин көшесінен Таха Хусейн көшесіне дейін 103 LED шамдары орнатылды. Ол малайзиялық компанияның Астананың 20 жылдығына жасаған сыйы. Бұл шамдардың ерекшелігі электр қуатын аз шығындап, ұзақ қызмет етеді.

«Біздің бастамамыздың мақсаты – баламалы электр көзі мен энерготиімділік саласында тәжірибиге ие болғандықтан Қазақстан астанасына осындай сый жасау», - деді малайзиялық LLP «Itramas Corporation» корпрациясының атқарушы директоры Июнь Ши Ли Байқоңыр ауданының әкіміне көше шамын табыстау кезінде.

Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Каналимовтың сөзінше, бұл шамдардың арқасында электр қуатының шығындары 2,5 есеге азаяды, ал көшелер отандық шамдар орнатылған көшелерге қарағанда 30 пайызға жарық бола түспек.

Айта кетейік, мұндай шамдар барлық Малайзия бойынша орнатылған. Бүгінде компания Philips, Bosh, Siemens компанияларымен бірге 40-тан астам елге импортталады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер