Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғыздың шекаралас ауылдарындағы атыс кезінде 100-ден аса адам жараланған

Ресми статистика, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2022 11:32 Сурет: pixabay
Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылдың 17 қыркүйегінде таңғы 9-да Баткен облысында қарулы қақтығыс салдарынан зардап шеккендердің саны 103 адамға дейін артты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бес зардап шеккен адам амбулаториялық емделуге жіберілді, қалғандары медициналық ұйымдарға орналастырылған.

Денсаулық сақтау министрлігі атап өткендей, дененің әр жеріне тиген оқ жарықшақтары, бір рет оқ тию түріндегі жарақаттар басым.

Зардап шеккендердің көпшілігі Баткен облыстық біріктірілген ауруханасына келіп түсті. Барлығы – 41 адам.

Өткен түнде қақтығыс кезінде Қырғызстанның 24 тұрғыны қаза тапты, 87-сі зардап шекті.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Бішкекте зардап шеккендерге көмектесу үшін қан тапсыруға ниет білдірушілер кезекке тұрып жатыр.

17 қыркүйекте таңертең тәжік тарапы Баткен ауданындағы Паскы-Арық ауылына минометтен оқ жаудырды.

Қарулы қақтығыс 14 қыркүйекте Баткен ауданының Бұлақ-Баши маңынан басталды. Қырғызстан МҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, Тәжікстанның әскери қызметшілері тараптар арасында бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды бұза отырып, мемлекеттік шекараның даулы учаскесінде қарулы бекініс орнатқан.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: