Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар маусым айында 160 млрд теңгеге шетел валютасын сатып алды

7kun.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2018 18:01 7kun.kz
Сонымен қатар, шығыстардың негізгі көлемі АҚШ долларын сатып алуға бағытталған - 50,1% немесе 79,9 млрд.

2018 жылғы маусымда теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 330,73-341,31 теңге ауқымында өзгерді. 2018 жылғы маусымның соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 3,6%-ға әлсіреп (жыл басынан бастап әлсіреу 2,6%), бір АҚШ доллары үшін 341,08 теңге болды. Бұл туралы zakon.kz, Ұлттық банктің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

2018 жылғы маусымда KZT/USD валюталық жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі 16,9 млрд АҚШ доллары (бір айда 17,9%-ға ұлғаю), оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттықтардың көлемі – 3,0 млрд АҚШ доллары (бір айда 3,0%-ға төмендеу), биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі – 13,9 млрд АҚШ доллары (бір айда 23,7%-ға ұлғаю) болды.

Бір еншілес банктің валюталық тәуекелдерден меншікті капиталды хеджирлеумен байланысты операцияларының көлемі өткен аймен салыстырғанда 10,5%-ға ұлғайып, 9,0 млрд АҚШ долларын құрады.

Бұл ретте, олардың биржадан тыс сауда-саттықтардың жалпы көлемінен үлесі 65,1%-ды құрады (2018 жылғы мамырда 72,9%).

Аталған операция ішкі валюта нарығындағы шетелдік валютаға сұраныс немесе ұсыныс көлеміне әсер етпейді.

2018 жылғы маусымда халық нетто-негізде 159,3 млрд теңгеге балама сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алды.

Шығыстардың негізгі көлемі 50,1% немесе 79,9 млрд теңге АҚШ долларын, 36,2% немесе 57,7 млрд. теңге Ресей рублін, 12,9% немесе 20,6 млрд. теңге еуро сатып алуға бағытталды.

Өткен аймен салыстырғанда аталған шығыстар 30,8%-ға ұлғайды (АҚШ долларын сатып алуға шығыстар 2,4 есе ұлғайды, еуро мен Ресей рублін сатып алуға шығыстар тиісінше 21,3%-ға және 6,5%-ға азайды).

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: