Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Биыл сатып алынған ең қымбат қызметтік көліктің бағасы жарияланды

Бүгінде мемлекеттік органдар отандық көліктерді көптеп ала бастады.

Сурет : www.inform.kz25 Шілде 2018, 14:06

Қазақстанның автокөлік кәсіпорындарының одағы жыл басынан бері сатып алынған ең қымбат қызметтік көліктің бағасын жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы алты айда болған тендерлерді алып қарасақ, ең қымбат көлік ол - Тойота Лэнд Крузер 200. Оның екі данасын ҚР Инвестициялар және даму миристрлігіне қарасты «Қазақавтожол» РМК-сы сатып алды. Әрбіреуінің бағасы 27 миллион теңгеден жоғары болып тұр. Алты айдың қорытындысы бойынша бұл - ең қымбат қызметтік көліктер. Негізі, одан да қымбат көліктер бар ғой. Мысалы, Мерседес С-класс. Былтыр мемлекеттік органдар аталған көліктерді сатып алған болатын. Бағасы да аз болған жоқ», - деді О.Алферов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, бүгінде мемлекеттік органдар отандық көліктерді көптеп ала бастады.

"Астанада аталған өзгеріс қатты байқалмайтын шығар. Дегенмен, аймақтарда тендер кезінде отандық көліктерді көптеп алады. Оны бірден байқауға болады. Ал ауылда таза өзіміздің көліктер жүреді", - деп атап көрсетті О.Алферов.

Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслиxатында одақ басшысы мемлекеттік органдардың шетелдік көліктерді сатып алуға қатысты нақты статистиканы жариялады.

Оған сәйкес, өткен жылы бірінші жартыжылдықта 375 шетелдік көлік сатып алынған болатын. Соның бәріне 4 млрд теңге жұмсалды. Биыл алты айда мемлекеттік органдарға тек 92 көлік қана шетелден жеткізілді.

Оған 677 млн теңге кетті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер