Ең қымбат футболшылар іріктіліп алынған Дүниежүзілік құраманың тізімі жарияланды

Футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2023 14:40 Сурет: Instagram/k.mbappe
Ең қымбат және әйгілі футболшылардан тұратын Дүниежүзілік құраманың тізімі жарияланды. Бұл тізімнің көшбасынан француздық "ПСЖ-ның" шабуылшысы Килиан Мбаппе орын тепті, оның құны 180 миллион евроға бағаланады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің ең қымбат футбол құрамасы тізіміне барлығы 11 спортшы ілінген, ал бұл команданың жалпы құны - 1,17 миллиард евроны құрайды, деп хабарлайды Transfermarkt.

Дүниежүзілік футбол құрамасының толық тізімі келесідей:

Қақпашы: Тибо Куртуа ("Реал", 60 миллион евро).

Қорғаушылар: Маттейс де Лигт ("Бавария", 70 млн), Йошко Гвардиол ("РБ Лейпциг", 75 млн) және Рубен Диаш ("Манчестер Сити", 75 млн).

Жартылай қорғаушылар: Педри ("Барселона", 100 млн), Джамал Мусиала ("Бавария", 100 млн), Джуд Беллингем ("Боруссия", 110 млн) және Филип Фоден ("Манчестер Сити", 110 млн).

Форвардтар: Винисиус Жуниор ("Реал", 120 млн), Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити", 170 млн) және Килиан Мбаппе ("ПСЖ", 180 млн).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: