Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Еуропа халқы аптап ыстықтан әбігерге түсті

Кей аймақтарда жауын жаумағынына 1 жарым айдан асқан.

Сурет : Хабар 2425 Шілде 2018, 17:00

Еуропаның бірнеше елінде аптап ыстық халықты әуресарсаңға салды. Ұлыбританияда сынап бағанасы 30 градустан түспей тұр, деп хабарлайды Хабар 24.

Кей аймақтарда жауын жаумағынына 1 жарым айдан асқан. Ауа райын болжаушылар мұндай күн райы апта соңына дейін сақталуы мүмкін деп ескертуде. Ал Франция астанасы Парижде күннің ыстық әрі желсіз болуынан шаһар ауасы ластанып, жергілікті билік шұғыл шараларды қолға алып жатыр. Қалада көлік жылдамдығына шектеу қойылды. Бірақ көптеген ақылы тұрақтар күн райы жақсарғанша тегін болмақ. Бұл елдің синоптиктері де жақын арада күннің салқындай қоймайтынын айтады.

- Қазір күн қатты ыстық. Сондықтан шама келгенше көлеңкелі жермен жүруге тырысудамыз. Әсіресе қарт адамдарға қиын. Бүгін күн өте ыстық көшеге шығып Елисей алаңымен жүріп қайтып едім, қатты терлеп, шаршап қалдым, - дейді БЛИЦ.

Аптап ыстық Германия халқы да мезі болды. Сынап бағанасы 33-35 градусты көрсетуде. Шыжыған ыстықтан Ганновердегі әуежайдың ұшу алаңы бүлініп, уақытша жабылды. Ал ауа райын болжаушылардың айтуынша, аптап ыстық тағы 2 апта созылуы мүмкін.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер