Жаңалықтар тізбегі
0

Жапонияда аптап ыстықтан қаза тапқандар саны артты

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2018 16:53 Сурет: zakon.kz
Билік күннің қатты ысуынан жапа шеккендер әлі де арта түсе ме деп алаңдаулы.

Жапонияда аптап ыстықтан соңғы бір аптада 65 адам көз жұмды. Тағы 21 мың адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Хабар 24.

Билік күннің қатты ысуынан жапа шеккендер әлі де арта түсе ме деп алаңдаулы. Ал жергілікті тұрғындардың мұндай күн райына дағдыланбауы жағдайды одан әрі қиындатуда. Елдегі мектептер мен балабақшалардың жартысынан көбінде желдеткіш жоқ. Фукусима атом электр станциясындағы апаттан соң халық электр энергиясын үнемдеуге көшіп, көбі одан бас тартқан. Ал синоптиктер жақын арада ауа райының өзгермейтінін ескертті. Сондықтан билік тұрғындарды далада ұзақ жүрмеуге шақырды. Кей мекемелер қызметкерлердің үйінде отырып жұмыс жасауына рұқсат еткен.

- Мен компаниянмның кірісі азайғанын қаламаймын. Бірақ мынадай шыжыған күнде үйден шығып жұмысқа шаршап барғанымнан пайда аз. Сондықтан қашықтан жұмыс жасау екі тарапқа да тиімді, - дейді инженер Хидеказу Кушимото.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: