Жаңаөзендегі жарылыс: қаза тапқандар саны артып жатыр

Жаңаөзендегі жарылыс: қаза тапқандар саны артып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2023 12:16 Сурет: ҚР ТЖМ
Жаңаөзенде адамдар әлі де құтқарылып жатыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар үйінді астынан тағы үш адамды - ер, әйел және баланы тірідей шығарды.

Осылайша қазір құтқарушылар үйінді астынан 4 адамды тірідей алып шықты. Оған қоса тағы үш қаза тапқан адамды алып шықты.


Құтқарылғандар мен медицина көмегіне жүгінгендерді қосқанда барлығы 8 адам ауруханаға жатқызылды.

Үйіндіні тазалауға 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылған: құтқарушылар, оның ішінде кинологтар, Ұлттық ұлан әскерлері, жергілікті атқарушы органдар, жедел жәрдем, полиция, еріктілер.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: