Нұр-Сұлтанда қамыс өртеніп жатыр: өрт тікұшақпен сөндіріліп жатыр
Сурет: видеодан скриншот
Нұр-Сұлтанда кешелі бері қамыс өртеніп жатыр. Өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» АҚ-тың МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәлімдеуінше, кеше сағат 15-03-те Қорғалжын тас жолы бойында, үлкен Талдыкөл көлінің ауданында, сулы-батпақты жерлердегі ашық аумақта жалпы аумағы шамамен 6,5 га болатын жерде қамыс өртенді.
«Астана Орманы» МКК күшімен өртенген жердің периметрі бойынша жер жыртылды. Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуіне өрттің таралу қаупі жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 122 адамы және 30 бірлік техникасы мен коммуналдық қызметтер жұмылдырылды. Бүгін сағат 08-09-да Нұр-Сұлтан аэродромынан өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» АҚ-тың МИ-8 тікұшағы ұшып кетті.ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript