Павлодарда мектеп өртеніп жатыр

Павлодар қаласы, мектеп, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2022 10:11 Сурет: Павлодар қаласы төтенше жағдайлар департаменті
Павлодарда №28 жалпы білім беретін мектепте өрт сөндіріліп жатыр. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылардың айтуынша, 08:04-те Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 24 мекенжайында орналасқан мектепте өрт шыққандығы туралы хабар түскен.

Төрт қабатты №28 жалпы білім беретін мектептің екінші қабатының (шатыр) шамамен 200 шаршы метрлік аумағы өртке оранды. Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін 576 адам эвакуацияланды, оның 551-і бала. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 50 қызметкері мен 12 бірлік техникасы жұмыс істеп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: