Каспий теңізінде жоғалып кеткен балықшылар үшінші күн іздестіріліп жатыр
Сурет: Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Іздеу операциясына тоғыз құтқарушы, екі техника, екі қайық, "Қазавиақұтқару" АҚ-тың МИ-8 тікұшағы, "Орал" кемесімен қоса ҚР Қорғаныс министрлігінің 29011 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен волонтерлар жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Лада" басылымы атап өткендей, түстен кейін Маңғыстау облыстық ТЖД бастығы подполковник Мұрат Мұханов жоғалған адамдарды іздестіру үшін Түпқараған ауданына тікұшақпен ұшып шықты.
Сурет: Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі
30 сәуірде бірі Өзбекстан азаматы болып табылатын балықшылар теңізге қайықпен шығып, кері оралмаған.
Құтқарушылар 1 мамырда Ақшұқыр ауылының маңындағы Каспий теңізінің жағалауынан бастап балықшыларды іздеуге кірісті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript