Жаңаөзендегі жарылыс: жедел штаб құрылды

Жаңаөзенде газ жарылып, адамдар зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2023 09:12 Сурет: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Жаңаөзенде көпқабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылғаннан кейін жедел штаб жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел штаб Жаңаөзен қаласында ұйымдастырылған. Барлық сұрақтар бойынша тұрғындар +7 (7292) 31-90-99 телефоны арқылы хабарласа алады.

Еске салайық, 17 сәуір күні таңғы бестер шамасында Жаңаөзендегі екі подъезді 12 пәтерлі тұрғын үйде газ баллоны жарылған болатын. Бір кіреберіс құлағанда 11 адам зардап шекті.

Зардап шеккендердің барлығы медицина қызметкерлеріне тапсырылды, деп хабарлады Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: