Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Суға кеткен алматылық әйелді табу үшін канал деңгейі төмендетілді

Кейбір жерлерде су деңгейі 1 метрге дейін төмендетілді.

Сурет : ҚазАқпарат26 Шілде 2018, 17:29

Алматыда өзенге ағып кеткен әйелді іздеу үшін Үлкен Алматы каналының кейбір жерлерінде су 1 метрге төмендетілді. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, әйелдің денесі әлі табылған жоқ.

«Үлкен Алматы каналының суын азайтқанның нәтижесінде кейбір жерлерде су деңгейі 1 метрге дейін төмендетілді. Ол жерлерде әйелдің туысқандары тінтіп жатыр», - деді Руслан Иманқұлов.

Оның айтуынша, Есік қаласының құтқару қызметіне 23 шілде күні кешкі 17:19-да әйел адамның суға кеткені туралы хабар келіп түскен.

Баспасөз хатшысы Үлкен Алматы каналының кілем жууға емес, егістікті суаруға арналғанын атап өтті. Іздестіру барысында туыстары көрсеткен 18 шақырымға дейінгі аумақты сүңгуірлер тінтіп шықты.

«Әйелдің туыстары суғару шлюздерін тексеруді талап етті. Алайда, қауіпсіздік мақсатында сүңгуірлер шлюздерге түсірілмейтін болды. Бұл өте қауіпті. Бұл туралы туысқандарына да айтылды», - деді Р.Иманқұлов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер