Жаңалықтар тізбегі
0

Сарайшықта каналды жыру арқылы су деңгейі төмендетіліп жатыр

Сарайшықта каналды жыру арқылы су деңгейі төмендетіліп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2024 15:45 Сурет: pixabay
Атырау облысы Махамбет ауданына қарасты Сарайшық ауылында каналды жыру арқылы су деңгейі төмендетілді.

Құрсай каналының бойын бірнеше жерден ашу нәтижесінде келіп жатқан нөпір су сай салаға жайылуда. Дегенмен, қауіпті аумақтарда жаңадан соғылған бөгеттерден су шығып кетіп жатыр.

Сол себепті қосымша жаға бекіту жұмыстары үздіксіз жүруде. Егде жастағы тұрғындар, жүкті әйелдер, науқас жандар алдын-ала қауіпсіз жерге көшірілген, деп жазады qazaqstan.tv.

Бүгін гидробекеттегі Жайықтың деңгейі 995 см-ге жетті. Жауапты мамандар бөгеттердегі кезекшілік жұмыстарын күшейтті.

"Бөгет жұмысы барлығы аяқталды. Қазір соларды қосымша бекітіп жатырмыз. Сарайшықта 200 әскери сарбаз жұмыс істеді." Жаннат Кенжеғалиева, Сарайшық ауылдық округінің әкімі

Құлсарылық 146 оқушы оқу-сауықтыру лагерінде демалуда. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Атырау облысы Жылыой ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасының балалары 4 мамырдан бастап, 20 күнге лагерге аттанды.

Қазір олар Түркістан, Балқаш, Щучинск қаласында және Бурабайда демалып, әрі оқуларын сол жерде жалғастыруда. Маусым айында тағы 35 оқушыны жіберу жоспарланып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: