Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

7 жасар бала тауда жоғалып кеткен түні көз жұмған

Балаға 14-нен 15-ші шілдеге қараған түні суық тиіп, көз жұмған.

Сурет : ҚазАқпарат30 Шілде 2018, 10:36

2 апта бұрын тауда адасып кеткен Ернұр Сәдуақас сол күні түнде көз жұмған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаев хабарлады.

«Медициналық сараптаманың ресми қорытындысына сәйкес Ернұр Сәдуақас жоғалған күні түнде қайтыс болған. Таулы аймақ болғандықтан жаңбыр жауып, күн салқындаған. Балаға 14-нен 15-ші шілдеге қараған түні суық тиіп, көз жұмған. Құтқарушылар мәйіт жатқан аумақты бір емес бірнеше рет тінтіген. Алайда адам бойымен бірдей итмұрынның қалың бұталары арасына кіру мүмкін болмаған», - деді Сергей Незнаев.

Еске сала кетсек, 14 шілде күні жоғалған Ернұр Сәдуақастың денесі Жамбыл ауданы Ынтымақ ауылынан 8 шақырым қашықтықтағы тау баурайынан табылған еді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер