Тауда жоғалған 7 жасар бала тікұшақпен іздестірілуде
www.inform.kz
Іздестіру жұмыстары әлі жүріп жатыр.
Алматы облысында тауда жоғалып кеткен 7 жасар баланы іздеуге тікұшақ қызметі жұмылдырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап хабарлайды.
«Іздестіру жұмыстары әлі жүріп жатыр. Өкінішке орай, басқа жаңалық жоқ. Бастапқыда тікұшақпен іздестіру жұмыстары жүргізілген болатын. Бүгін бұл қызметті қайта іске қостық. Тікұшақ сағат 10.10-да ұшырылды, қараңғы түскенше жалғасады. Нәтиже болмайынша іздеуді тоқтатпаймыз», - деді Руслан Иманқұлов.
Еске сала кетсек, Алматы облысының Жамбыл ауданында жоғалып кеткен баланы құтқарушылар 14 шілдеден бері іздестіруде. 2011 жылы туған Ернұр Сәдуақас Ынтымақ ауылынан оңтүстік қапталдағы «Кіші саз» жайылымына бара жатқан жолда таулы аумақта жоғалған.
7 жастағы Ернұрмен бірге үлкенді-кішілі 5 бала жолға шыққан. Қазір балалардың барлығы ауылда. Тек Ернұр ғана оралмады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript