Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында тауда жоғалған бала үш күннен бері іздестірілуде

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2018 22:04 ҚазАқпарат
Әзірге іздеу жұмыстары ешқандай нәтиже бермей отыр.

Алматы облысының Жамбыл ауданында жоғалып кеткен баланы құтқарушылар 14 шілдеден бері іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

2011 жылы туған Ернұр Сәдуақас Ынтымақ ауылының оңтүстік қапталындағы «Кіші саз» жайылымының таулы аумағында жоғалған.

«Тіркелген оқиғаға байланысты жедел-іздестіру тобы құрылған болатын. Іздеу жұмыстарына 108 адам мен 9 арнайы техника жұмылдырылды: олардың 42-і Жамбыл аудандық ІІБ қызметкерлері, 50-і Ұзынағаштағы 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, 16-ы Жамбыл аудандық ТЖБ қызметкерлері. Сонымен бірге, 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері іздеу жұмыстарына үйретілген итті де жұмылдырып отыр. Алайда жаңбырға және орманға химикаттар шашылғанына байланысты ізді таба алмады. Қазіргі таңда барлық маңай автокөлікпен де, атпен де тінтіліп жатыр. Іздестіру радиусы орман, тауды қосқанда 15 шақырымды қамтыды», - делінген хабарламада.

Әзірге іздеу жұмыстары ешқандай нәтиже бермей отыр. Бірақ, құтқарушылар барлық күш-жігерін жұмсауда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: