Мьянманы су басып, 50 мың адам эвакуацияланды

Baq.kz Baq.kz
Қатты жауын-шашын салдарынан мемлекеттің солтүстігіндегі 60 метрлік көпірді су шайып кетті.

Табиғи апат салдарынан барлығы 100 мың адам зиян шегуі мүмкін. Көптеген ауыл су астында қалды, деп хабарлайды Baq.kz.

Су басу салдарынан Мьянманың 50 мың тұрғыны өз үйлерінен кетуге мәжбүр болды. Су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткендіктен, ұлттық қауіпсіздік комитеті өзен-көлдерге жақын тұратын тұрғындардан басқа жаққа көшуді өтінді. Аталған табиғи апат салдарынан 100 мың адам зиян шегуі мүмкін.

Қатты жауын-шашын салдарынан мемлекеттің солтүстігіндегі 60 метрлік көпірді су шайып кетті. Сондай-ақ, орталық аймақтағы күріш алқабы мен жолдар бұзылды.

Батыста орналасқан Ракхайн штатының да жағдайы қиын. Осы аймақтағы көптеген ауыл су астында жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз