Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

"Нұр Отан" партиясының саяси жұмыс департаментінің директоры тағайындалды

Данияр Әлжанов 2016 жылдан бастап ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті басқармасының басшысы болып қызмет жасаған.

Сурет : www.facebook.com31 Шілде 2018, 11:51

«Қазконтент» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Данияр Әлжанов "Нұр Отан" партиясының саяси жұмыс департаментінің директоры болып тағайындалды. Бұл туралы zakon.kz, «Болашақ» қауымдастығы берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Болашақ» мемлекеттік бағдарламасының түлегі Данияр Әлжанов «Нұр Отан» партиясының саяси жұмыс департаментінің директоры болып тағайындалды», - делінген «Болашақ» қауымдастығының facebook-тегі ресми парақшасында.

Әлжанов Данияр Бейсенғалиұлы 1985 жылы 31 наурызда Қарағанды қаласында дүниеге келген.

2007 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірген, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты,

2016 жылы «Адам ресурстарын басқару және қызметкерлерді оқыту» мамандығы бойынша «магистр» дәрежесін алған (Лестер Университеті, Ұлыбритания).

Еңбек жолын 2007 жылы Қарағанды қаласының білім беру бөлімінде бастаған.

2012 жылдың қазанына дейін Қарағанды облысының Осакаров ауданының, Шахтинск және Қарағанды қалаларының әкімдіктерінде түрлі қызметтерді атқарған.

2016 жылдан бастап ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті басқармасының басшысы болып қызмет жасаған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер