Индонезияда жанартау құрсауында қалған 500-ден астам турист құтқарылды

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Индонезияның Ломбок аралында Ринджани жанартауынан 500-ден астам турист құтқарылды, олардың көпшілігі шетелдіктер, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«543 турист эвакуацияланды. Олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», - деп мәлімдеді жергілікті құтқару қызметінің өкілдері.

Еске сала кетейік, Индонезиядағы жер сілкінісінен кейін Ринджани жанартауы маңындағы тауда 800 турист құрсауда қалған болатын.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 29 шілдеде Матарам (319 мың тұрғын) қаласының төңірегінде күші 6,4 балдық жер сілкінісі болған еді. Зілзаланың ошағы 7,5 шақырым тереңдікте орналасқан.

Kyodo агенттігінің ақпаратына сәйкес, зардап шеккен ауданда тербелісі 5,7-ге дейін 11 жерасты дүмпуі тіркелген. Соның салдарынан, 14 адам қаза болып, 100-ден астамы жарақат алды.

Айта кетейік, ҚР Сыртқы істер министрлігі Ринджани жанартауы маңындағы тауда қоршауда қалған туристердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеген болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз