Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қырғызстандағы мерт болған адам Қазақстан ғалымы болып шықты

Зардап шеккен тағы екі адам да Алматыдан болса, үшіншісі Өскемен қаласының тұрғыны.

Сурет : ҚазАқпарат31 Шілде 2018, 16:38

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Қырғызстанда таудан құлаған тас көшкінінен зардап шеккендер Қазақстанның қай өңірлерінен екенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаза болған азамат Алматы тұрғыны», - деп нақтылады министрдің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, зардап шеккен тағы екі адам да Алматыдан болса, үшіншісі Өскемен қаласының тұрғыны.

«Олардың барлығы ер азаматтар. Зардап шеккендердің денсаулықтары келген бойда Алматы әуежайында тексерілді. Содан кейін олар Алматының медициналық бөлімшелеріне тапсырылды. Дәрігерлердің хабарлауынша, бұл адамдарды ауруханаға жатқызу қажеттігі болмаған», - деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.

«Ол (қаза болған азамат) 1976 жылы туған. Алматыдағы ғылыми-зерттеу институттарының бірінде жұмыс істеген. Қазір оның денесі Алматыға жеткізілді», - деді Ю. Ильин.

Белгілі болғандай, 30 шілде күні сағат 18:00 кезінде Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі ҚР Ішкі істер министрлігіне Скрябин мұздығында тас көшкіні болғанын, соның салдарынан туристер тобы зардап шеккеніні туралы хабарлады. Осыған байланысты оларға көмек көрсету үшін әуе көлігін жіберу туралы сұрады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 31 шілдеде сағат 6:58-де ТЖК Республикалық жедел- құтқару жасағының құтқарушылары Қырғызстан Республикасына Қазавиақұтқару тікұшағымен Скрябин мұздығы ауданына ұшып шықты.

9 адамнан, соның ішінде екі кинологиялық топтан құралған жедел топ Алматыдан МИ-171и тікұшағымен аттанды. Құтқару барысында мұздықтан Ресейдің үш азаматы мен Қазақстанның үш азаматы, сондай-ақ қаза болған бір қазақстандық шығарылды.

Атап айтқанда, сағат 12:08-де Қазавиақұтқару тікұшағы зардап шеккендермен бірге «Манас» әуежайынан шығып, сағат 13:23-те Алматы әуежайына келіп қонды.

Еске салайық, 30 шілдеде Қырғызстан аумағында Бішкек қаласынан 40 шақырым қашықтықта Скрябин мұздығы ауданында бір топ туристер тас көшкініне тап болған еді. Зардап шегушілердің арасында төрт Қазақстан азаматы бар. ҚР Сыртқы істер министрлігі бір қазақстандықтың мерт болғанын растады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер