Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Филиппин президенті қымбат көліктерді жою шарасына қатысты

Шара барысында бульдозер «Ламборгини», «Порше» және «Мерседес-бенц» секілді 60-тан астам люкс көліктер мен мотоциклдерді таптап тастады.

Сурет : Хабар 2431 Шілде 2018, 17:07

Филиппин президенті Родриго Дутерте елдегі жемқорлықпен күресуде ештеңеден тайынбайтынын тағы бір мәрте көрсетті, деп хабарлайды Хабар 24.

Таяуда ол құны 6 жарым миллион доллар болатын көліктерді жою рәсіміне қатысты. Шара барысында бульдозер «Ламборгини», «Порше» және «Мерседес-бенц» секілді 60-тан астам люкс көліктер мен мотоциклдерді таптап тастады. Дутертенің айтуынша, бұл көліктердің заңсыз импортына және мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа баруына тосқауыл қоюға көмектеседі.

Айта кетейік, Филиппин билігі бұған дейін елге заңсыз әкелінген көліктерді бәссауда арқылы сату туралы тәртіп енгізген. Дутертенің мәлімдеуінше, бұл шетелдік серіктестерді заңды кәсіппен айналысуға мәжбүрлейді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер